Қазақстан-Аустралия саяси консультациялары онлайн режимде өтті

Қазақстан-Аустралия саяси консультациялары онлайн режимде өтті

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 14 сәуірі - Қазақстан мен Аустралия сыртқы саяси ведомстволары арасында видеоконференц байланыс форматында саяси консультациялар өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Азия-Тынық мұхит өңірі департаментінің директоры Нұрғали Арыстанов және Аустралия Сыртқы істер және сауда министрлігі Хатшысының бірінші орынбасары Гэри Коуан саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ағымдағы жағдайы мен келешегін талқылады.

Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және тереңдету, сондай-ақ саяси диалогты, сауда-экономикалық қатыныстарды нығайту, инвестициялық ынтымақтастықты арттыру бойынша нақты қадамдар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.