Түркістандағы ТМЫК саммиті туралы

Түркістандағы ТМЫК саммиті туралы

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласында ү.ж. 31 наурызда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК, Түркі кеңесі) бейресми саммиті өтеді.

Форумға қатысуын ТМЫК-қа мүше мемлекеттердің барлық басшылары мен осы ұйымда бақылаушы болып табылатын Венгрияның премьер-министрі растады.

Саммит қорытындысы бойынша Түркістанды Түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялайтын Декларацияға қол қойылады деп күтілуде.