Куба ЕАЭО аясындағы қолдау үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді

Куба ЕАЭО аясындағы қолдау үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 12 наурызы - Куба тарапының бастамасымен Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Кубаның Сыртқы істер министрі Бруно Родригес Парильямен телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы кубалық әріптесін Кубаның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) бақылаушы мәртебесін алуымен құттықтады. Сонымен қатар ол сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың тереңдеуіне сенім білдірді.

Сондай-ақ тараптар екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін талқылап, саяси диалогты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтіп, өзара қызығушылық тудыратын негізгі халықаралық және өңірлік проблемалар бойынша пікір алмасты. Екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге жәрдемдесуге уағдаластыққа қол жеткізілді.