Қазақстан мен Қытай арасындағы консулдық консултациялардың 19-шы отырысы туралы

Қазақстан мен Қытай арасындағы консулдық консултациялардың 19-шы отырысы туралы

Нұр-Сұлтан 2021 жылдың 25 ақпаны – Бейнеконференция форматында Қазақстан мен Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті.

Қазақстандық делегацияға Қазақстан Республикасының Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, Қытай делегациясына Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Цуй Айминь төрағалық етті.

Келіссөздер барысында тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті консулдық-құқықтық мәселелерін жан-жақты талқылады.

Тараптар Қазақстан мен Қытай азаматтарының екі елдің халықаралық әуежайларына кіруі/шығуының және транзитпен өтуінің қолданыстағы тәртібі туралы өзекті ақпаратпен алмасты.

 Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарына Қытайға бару үшін ҚХР жеке туристік және іскерлік визаларын беруді жалғастыру мүмкіндігі талқыланды.

Консультациялар барысында Қазақстан тарапы екі мемлекеттің ұлты қазақ азаматтарынан құралған отбасылардың қайта қосылу мәселелерін көтерді.