СІМ басшысы «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады  

СІМ басшысы «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады   

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 25 ақпаны — Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Карантиндік шараларға байланысты іс-шара онлайн режимде өтті.

Қабылдау барысында виза алу, тұруға ықтиярхат алу, отбасы мүшелеріне қайта қосылуына жәрдемдесу, Сирия мен Ирак аумағындағы қақтығыс аймағынан хабарсыз кеткен ҚР азаматтарын қайтару, сондай-ақ экономикалық даулар бойынша азаматтардың түрлі мәселелері қаралды.

Қабылдау кезінде көтерілген мәселелер бойынша министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына тапсырмалар беріліп, оларды орындау мерзімдері анықталды.

«Nur Otan» партиясының мүше-министрлерінің қабылдауына келесі байланыстар арқылы жазылуға болды:

  1. Call-орталық 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
  2. Whatsapp +7 700 800 4441;
  3. Электрондық пошта - komek@nurotan.kz.