Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысын өткізу туралы

Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысын өткізу туралы

2021 жылдың 18-24 ақпанында Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.

Тараптар Өзбекстан Республикасының Сырдария облысымен шектес Қазақстан Республикасының Түркістан облысы шегіндегі учаскеге шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарын дайындауды жалғастырды.

Комиссия отырыс барысында Өзбекстан Республикасының Ташкент және Жизақ облыстарымен шектес Қазақстан Республикасының Түркістан облысы шегіндегі Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерін далалық зерттеу жүргізді.

Келіссөздер достық және өзара түсіністік атмосферада өтті. Келесі отырыс Қазақстан Республикасында 2021 жылдың наурыз айында жоспарлануда.