Қазақстан мен Филиппин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады

Қазақстан мен Филиппин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 14 қаңтары – Бейнеконференция байланысы форматында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Филиппин Республикасының сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Лурдес Ипаррагирремен кездесті.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы екіжақты ынтымақтастық пен көпжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, дипломаттар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың, оның ішінде көпжақты алаңдар аясында өзара қолдау көрсету желісі бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде, Е. Ашықбаев Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерімен, оның ішінде Филиппинмен қарым-қатынастарды дамыту Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орын алатынын атап өтті.