БҰҰ Бас Ассамблеясы Семей өңірін сауықтыру мақсатындағы қарарды бірауыздан қабылдады

БҰҰ Бас Ассамблеясы Семей өңірін сауықтыру мақсатындағы қарарды бірауыздан қабылдады

Нью-Йорк, 2020 жылдын 21 желтоқсаны - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Семей өңірінің халқын сауықтыру, қоршаған ортасын қалпына келтіру және экономикалық дамыту мақсатындағы Халықаралық ынтымақтастық пен қызметті үйлестіру туралы Қазақстан бастамашылық еткен қарарды бірауыздан қабылдады.

Құжатта Халықаралық қауымадстыққа Қазақстанға зардап шеккен халықты емдеу жөніндегі арнайы бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, Семей өңіріндегі экономикалық өсу мен орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерге көмек көрсетуге шақыру  жазылған. Аталмыш құжатта Қазақстан Үкіметінің Семей өңірінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдесу үшін ресурстар бөлудегі маңызды рөлі танылады.

Халықаралық Қауымдастық өкілдерінің рекордтық саны Қазақстан халқымен ынтымақ білдірді – БҰҰ-ға мүше 118 мемлекет қарар жобасының тең авторлары болды. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қарардың тең авторлары ретінде, БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге өз алғысын білдіреді.

Бұл қарарды БҰҰ оныншы рет қабылдады. Ол алғаш рет 1997 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 52-сессиясында мақұлданған. Семей өңірі бойынша қабылданған қарар халықаралық қоғамдастықтың адамдардың, әсіресе балалардың және басқа да осал топтардың өмірі мен денсаулығы үшін ядролық сынақтар салдарының ұзақ мерзімді сипатына Қазақстанның елеулі алаңдаушылығын мойындауының айқын бір дәлел.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан 1991 жылы әлемдегі ең ірі ядролық полигон – Семей сынақ полигонын жапты, онда 1949 жылдан 1989 жылға дейін 458 атмосфералық және жерасты жарылыстары сынақтан өткізілген. Осы ядролық сынақтардан зардап шеккен аймақ 300 000 шаршы шақырымнан асады, ал зардаптардың ауқымы аса қайғылы. Миллионнан астам адам бұл сынақтардың құрбаны болды. Радиация онда тұратын адамдардың иммундық жүйесін әлсіретті. Кейіннен онкологиялық аурулардың көрсеткіштері артып, емдеу құны мен аурулардың ұзақтығы артты. Ядролық сынақтардың зиянды әсері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді.

Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың, соның ішінде БҰҰ мен донор елдердің көмегімен ядролық трагедияның теріс салдарымен үш онжылдық бойы күрес жүргізіп келеді.

Қарардың бірлескен авторларының тізімі: Австралия, Аустрия, Әзербайжан, Алжир, Аргентина, Армения, Ауғанстан, Бангладеш, Бахрейн, Беларусь, Белиз, Бенин, Болгария, Боливия, Буркина-Фасо, Бутан, Ұлыбритания, Венесуэла, Шығыс Тимор, Вьетнам, Гаити, Гана, Гватемала, Гвинея, Гвинея-Бисау, Германия, Гондурас, Грекия, Грузия, Доминикан Республикасы, Зимбабве, Израиль, Үндістан, Индонезия, Иордания, Ирак, Иран, Испания, Италия, Камбоджа, Камерун, Канада, Қатар, Кения, Кирибати, Колумбия, Кот-д'Ивуар, Коста-Рика, Кувейт, Қырғыз Республикасы, Куба, Лаос, Латвия, Лесото, Ливан, Ливия, Мавритания, Мажарстан, Малави, Малайзия, Мальдив, Марокко, Маршалл аралдары, Микронезия, Молдова, Монако, Моңғолия, Мьянма, Науру, Непал, Нигерия, Никарагуа, Корея Республикасы, Нигер Республикасы, Руанда, Румыния, БАӘ, Оман, Пәкістан, Палау, Парагвай, Перу, Польша, Сальвадор, Сан-Томе және Принсипи, Сауд Арабиясы, Сенегал, Сент-Винсент және Гренадиндер, Сингапур, Сирия, Соломон аралдары, Судан, Пәкістан, Суринам, АҚШ, Тәжікстан, Таиланд, Того, Тонга, Тувалу, Тунис, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Уганда, Фиджи, Филиппин, Франция, Орталық Африка Республикасы, Чад, Швеция, Эквадор, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Эфиопия, Оңтүстік Африка, Ямайка, Жапония.