Қазақстан ТМД Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты

Қазақстан ТМД Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты

Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 10 желтоқсан - Бейнеконференция форматында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Іс-шара аясында ТМД-ға қатысушы елдердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Отырыста Мемлекет басшыларының Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылуының 75 жылдығына, сондай-ақ халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастыққа арналған бірлескен мәлімдемелерінің жобалары мақұлданды.

Мемлекет басшыларының кеңесі ү. ж. 18 желтоқсанда онлайн-форматта өтеді. Сыртқы істер министрлері достастық аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Осылайша, бағдарламалық құжаттардың жобаларын - ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын, ТМД мемлекеттерінің 2025 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасын, ТМД мемлекеттерінің сыртқы шекаралардағы шекаралық қауіпсіздікті нығайтудағы 2021-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы мақұлданды.

Қатысушылар ұйымдастырушылық-кадрлық сипаттағы бірқатар шешімдерді қабылдады. 2021 жылға арналған ТМД шеңберіндегі сыртқы істер министрліктері арасындағы көп деңгейлі консультациялар жоспары бекітілді.

ТМД құрамына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Украина кіреді.