Астана, 2026 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Йоав Быстрицкиймен кездесіп, екіжақты, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Басым бағыттардың бірі ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жолдарына назар аударылды. Бұл ретте биыл өтуі жоспарланған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия отырысының күн тәртібі қарастырылды.
Кездесуді қорытындылай келе, тараптар ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, және инновациялар секілді бірқатар маңызды салаларда серіктестікті күшейту бойынша жұмысты жандандыруға уағдаласты.