Қазақстан мен Қатар екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Қатар екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

Астана, 2026 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстан Республикасындағы Катар Мемлекетінің Елшісі Абдалла Хусейн Джабермен кездесті.

Тараптар Қазақстан-Катар қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогтың оң динамикасы мен екі елдің өңірлік әрі халықаралық алаңдардағы тиімді ықпалдастығы аталып өтті.

Қазақстан-Катар стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық іс-қимылды дамытуға басты назар аударылды. Бұл ретте, азық-түлік қауіпсіздігі, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары қарастырылды.

Кездесу соңында екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралардың жоспары бойынша пікір алмасылды.