
Нью-Йорк, 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 81 сессиясы аясында Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысына қатысты.
Ұйымға мүше мемлекеттер Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығулары кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің қазасына байланысты көңіл айтты.
Қазақстан СІМ басшысы қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында түркі мемлекеттері арасындағы өзара қолдау мен үйлесімді іс-қимылдың маңызы артып келе жатқанын атап өтті.
Отырыс барысында тараптар ТМҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен алдағы міндеттерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылап, өзара іс-қимылдың практикалық мазмұнын арттыруға және түркі мемлекеттерінің ортақ мүдделеріне сай келетін бірлескен бастамаларды ілгерілетуге өз дайындықтарын растады.