ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰ Даму бағдарламасының Әкімшісімен кездесті

ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰ Даму бағдарламасының Әкімшісімен кездесті

Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек – БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының Жоғарғы деңгейдегі апталығы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Әкімшісі Александр Де Кроомен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған екіжақты және өңірлік өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰДБ-ға ү.ж. сәуір айында өткен Өңірлік экологиялық саммитті ұйымдастыруға және өткізуге көрсеткен белсенді қолдауы үшін алғыс білдірді, сондай-ақ Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығы желісі аясындағы жобаларды жүзеге асырудағы БҰҰДБ-ның маңызды рөлін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар орнықты даму мен өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесінде жан-жақты әріптестікті одан әрі тереңдетуге өзара бейілділігін растады.