
Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында халықаралық әріптестік жөніндегі Еурокомиссар Йозеф Сикеламен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылап, Мемлекет басшысының биыл Брюссель қаласына жасаған сапарының жеке қорытындылары мен қол жеткізілген уағдаластықтарға тоқталды.
Сұхбаттасушылар көлік және логистика, энергетика, цифрландыру және инвестициялық ынтымақтастық салаларындағы бірлескен жобаларды практикалық тұрғыдан іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Транскаспий халықаралық көлік бағытының елеулі әлеуетін пайдалану және еуропалық Global Gateway бастамасы аясындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.