
Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек - Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Непал Сыртқы істер министрі Шисир Ханал Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Непал Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.
Құжат екі ел дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорт иелерінің өзара сапарларын жеңілдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Непал арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған.