Қазақстан мен Бенин өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Бенин  өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды

Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек – Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі Корин Амори Брюне Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенин Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.

Құжат екі ел дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерінің өзара сапарларын жеңілдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Бенин арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған.