Қазақстан ИЫҰ Үйлестіру кездесуіне қатысты

Қазақстан ИЫҰ Үйлестіру кездесуіне қатысты

Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы шеңберінде өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттердің жыл сайынғы Үйлестіру кездесуіне қатысты.

Кездесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды. Таяу Шығыстағы ахуалдың дамуына және оның гуманитарлық салдарына ерекше назар аударылды.

Өз сөзінде, Сыртқы істер министрі Қазақстанның халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидаттарына бейілділігін растады және Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің тез арада бәсеңдеуіне, орнықты бейбітшілікті қамтамасыз етуге және Газа секторындағы гуманитарлық ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған ИЫҰ-ға бірқатар мүше мемлекеттердің делдалдық күш-жігерін қолдады.

Сонымен қатар, сөз сөйлеу барысында ислам әлеміндегі технологиялық және ғылыми тұрғыдан неғұрлым дамыған мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған «ИЫҰ-15» тобы мен штаб-пәтері Астанада орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру жөніндегі Қазақстан бастамаларының өзектілігі аталып өтті.