Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің жұмыс кездесуіне қатысты

Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің жұмыс кездесуіне қатысты

БҰҰ Бас Ассамблеясы 81-сессиясының аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің жұмыс кездесуіне қатысты.

Іс-шараға қатысушылар БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясының күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның БҰҰ-мен ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады.

Министрлік кездесу дәстүрлі достық сипатта өтті, тараптар ҰҚШҰ-ның әмбебап бәрін қамтитын ұйыммен одан әрі өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға ниетін растады.