
Нью-Йорк, 2026 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Халықаралық гуманитарлық құқыққа (ХГҚ) саяси бейілділікті нығайту жөніндегі жаһандық бастаманың құрылтайшы мемлекеттері – Қазақстан, Бразилия, Иордания, ҚХР, Франция және Оңтүстік Африка сыртқы саяси ведомстволары басшыларының Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Президенті с Президентом Международного Комитета Красного Креста (МККК) Мирьяна Споляричпен бірлескен кездесуіне қатысты.
Қатысушылар 2026 жылғы 7 желтоқсанда Иорданияда өтетін «Соғыс жағдайындағы ізгілік» атты жоғары деңгейдегі конференцияға дайындықты талқылады. Басты назар Бастамаға халықаралық қолдауды кеңейтуге, Конференцияға өкілдікті қатысуды қамтамасыз етуге, құрылтайшы мемлекеттердің алдағы іс-қимылдарын үйлестіруге, сондай-ақ қорытынды саяси декларацияны әзірлеуге аударылды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрі халықаралық гуманитарлық құқық ешқандай таңдамалылықсыз және саясаттандырусыз – әмбебап, дәйекті әрі адал қолданылуы тиіс. Оның шынайы тиімділігі бейбіт тұрғындарды, медициналық және гуманитарлық персоналды қорғауды, өмірлік маңызы бар азаматтық инфрақұрылымның қауіпсіздігін және мұқтаж жандарға көмектің кедергісіз жеткізілуін қаншалықты қамтамасыз ететіндігімен айқындалатынын айтып өтті.
СІМ басшысы Қазақстан диалог мәдениетін, дауларды бейбіт жолмен реттеуді және инклюзивті көпжақты ынтымақтастықты дәйекті түрде ілгерілетіп келе жатқанын әрі бұл Бастаманы қолданыстағы халықаралық міндеттемелерді іске асыруға жәрдемдесетін практикалық тетік ретінде қарастыратынын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша құрылтайшы мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен ХҚКК Президенті баспасөзге арналған бірлескен мәлімдеме жасады. Тараптар халықаралық қоғамдастықты Бастамаға қосылуға, ХГҚ сақталуын нығайту жөніндегі күш-жігерді жандандыруға және Иорданиядағы Конференцияға жоғары деңгейде қатысуды қамтамасыз етуге шақырды.