Дания Корольдігінің Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыстады

Дания Корольдігінің Елшісі сенім грамоталарының  көшірмесін табыстады

Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Дания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі, Дания Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Ларс Туесенді (резиденциясы Копенгаген қаласында орналасқан) қабылдады. Кездесу барысында сенім грамоталарының көшірмелері тапсырылды.

Арман Исетов Ларс Туесенді дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, оның Қазақстан мен Дания арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға белсенді үлес қосатынына сенім білдірді.

Тараптар қазақ-дат ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, екіжақты өзара іс-қимылға қосымша серпін беретін бағыттарды атап өтті. Саяси диалогты дамыту, сауда-инвестициялық байланыстарды кеңейту және бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, өзара қызығушылық тудыратын  энергетика, көлік, білім және жасанды сана салаларындағы ынтымақтастық мәселелері де талқыланды.

Кездесу соңында Ларс Туесен көрсетілген ізеттілік пен мазмұнды пікір алмасу үшін алғысын білдіріп, дат тарапының қазақстандық әріптестермен тығыз байланыстарды одан әрі жалғастыруға мүдделі екенін растады.