Қазақстан СІМ-де Нигерия Федеративтік Республикасының жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

Қазақстан СІМ-де Нигерия Федеративтік Республикасының жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Нигерия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Джозеф Олусола Иджимен кездесті.

Кездесу аясында Нигерия Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстап, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі іс-қимылды тереңдетуге күш-жігерін жұмсайтынын растады.

Өз кезегінде А. Исағалиев Елшіні жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның миссиясы Астана мен Абуджаның дәстүрлі достық пен сенімге негізделген қатынастарды одан әрі ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Тараптар саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық әріптестікті арттыру, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларындағы ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады.