Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Гвинея-Бисау Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Гвинея-Бисау Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Гвинея-Бисау Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Браима Эмбалодан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

А.Исағалиев Гвинея-Бисау Елшісін тағайындалуымен құттықтай отырып, оның дипломатиялық миссиясы екі ел арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен өзара тиімді іс-қимылды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Тараптар саяси диалогты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық серіктестікті кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Елші Б.Эмбало жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Астана мен Бисау арасындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін күш-жігерін жұмсауға әзірлігін білдірді.