Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қырғызстан Елшісін қабылдады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қырғызстан Елшісін қабылдады

Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кудайберген Базарбаевты қабылдады.

Кездесу барысында қазақ-қырғыз өзара іс-қимылының саяси, сауда-экономикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салаларындағы өзекті мәселелер қаралды.

Министр Қазақстанның Қырғызстанмен достық, тату көршілік және одақтастық рухындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Қырғызстан Елшісі Бішкектің Астанамен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға берік бейілділігін растады және Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері жан-жақты өзара іс-қимылды нығайту жөнінде қойған міндеттерді іске асыру үшін бар күш-жігерін салатынына сендірді.

Әңгіме барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасу өтті. Көпжақты құрылымдар аясында өзара қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын екендіктері білдірілді.