
Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, ең жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ алдағы өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралар кестесін талқылады.
Сонымен қатар сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ көпжақты форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.