
Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Қазақстан Республикасындағы Мажарстанның жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Ференц Цомбоштың сенім грамотасының көшірмесін қабылдады.
А. Исетов мажар дипломатын Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын Елші ретінде жалғастыруымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Кездесу барысында тараптар өзара құрметке негізделген қазақ-мажар стратегиялық қатынастарының достық және сенімге негізделген сипатын атап өтті.
Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында дипломаттар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге тараптардың дайындығын растады.