
Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Эстония Республикасының Қазақстанға жаңадан тағайындалған Елшісі Марье Лууптан сенім грамотасының көшірмесін қабылдады.
А. Исетов Елшіні тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Дипломаттар 2025 жылғы қарашада Эстония Республикасының Президенті Алар Каристың Астанаға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, Қазақстан мен Эстония әріптестігінің барлық спектрін дамыту перспективаларын талқылады.
Елші М. Лууп жылы қабылдау үшін алғыс айтып, Астана мен Таллинн арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға күш-жігерін салатынын жеткізді.