Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 104-ші отырысын өткізу туралы

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 104-ші отырысын өткізу туралы

Самара, 2020 жылғы 23-27 қараша – Қазақстан – Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 104-ші отырысы өтті.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын бекітті, мемлекеттік шекара сызығының жекелеген учаскелерін белгілеуге байланысты кешенді мәселелер талқылап, алдағы жылға арналған жұмыс жоспарларын нақтылады.

Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы жағдайда өтті.

Комиссияның келесі отырысы 2021 жылдың ақпан айында өтеді.