Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды

Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.

Тараптар саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар екі елдің Мемлекет басшыларының сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін растады.