
Астана, 2026 жылғы 17 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Словения Республикасының Қазақстанға жаңадан тағайындалған Елшісі Бранко Раковецтен (резиденциясы Люблянада) сенім грамотасының көшірмеcін қабылдады.
А. Исетов Елшіні жаңа қызметіне тағайындалуымен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы Астана мен Любляна арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Тараптар Қазақстанның Люблянадағы Елшілігінің 2024 жылы ашылуы және Словения Президенті Наташа Пирц-Мусардың 2025 жылы Қазақстанға жасаған ресми сапары екіжақты байланыстардың нығая түскенін және екі елдің өзара қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге деген ортақ ұмтылысын айқын көрсеткенін атап өтті.
Ең жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іс жүзінде жүзеге асыруға, сондай-ақ Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия қызметінің маңызына жеке назар аударылды.
Елші Б. Раковец жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға күш-жігерін салатынын жеткізді.
Тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалар бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.