Әзербайжанның елшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Әзербайжанның елшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Астана, 2026 жылғы 14 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Алимирзамин Алескеровтен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, сондай-ақ алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады.

Сондай-ақ, екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Кездесуді қорытындылай келе, Әзербайжан Елшісі жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтып, стратегиялық әріптестік пен одақтастық байланыс рухында мемлекетаралық қарым-қатынастарды тұрақты дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.