
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Израиль Мемлекетінің Елшісі Йоав Быстрицкиді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жайлы пікір алмасып, екіжақты саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың кеңейту жолдарын талқылады.
Сонымен бірге, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері қарастырылып, алдағы жоспарланған іс-шаралар кестесі келісілді.