Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін қабылдады

Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін қабылдады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукарды қабылдады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ заманауи сын-қатерлер мен өзара мүдделерді ескере отырып, оларды одан әрі дамытудың перспективалық бағыттарын талқылады.

Көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайтуға және осы саладағы практикалық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге ерекше назар аударылды. Тараптар түрлі деңгейлердегі тұрақты әрі мазмұнды диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы қазіргі ахуал бойынша пікір алмасу өтті.