Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Құдайберген Базарбаевпен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Қырғыз қатынастарының өзекті мәселелерін, сондай-ақ көпжақты алаңдарда ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
2026 жылғы 1 қыркүйекте Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының алдағы саммитіне дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар экономикалық байланыстарды нығайтуды, көліктік өзара байланысты дамытуды, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуді және көпжақты өзара іс-қимыл тетіктерінің тиімділігін арттырумен қоса, ШЫҰ аясында практикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Қырғыз Республикасының ШЫҰ-ға төрағалығын қолдайтынын және оның басым бағыттарын табысты іске асыруға жәрдем көрсетуге дайын екенін растады.