
Астана, 2026 жылғы 8 тамыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Грекия Республикасының Сыртқы істер министрі Георгиос Герапетритис телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын талқылады.
Сыртқы саяси ведомстволары басшыларының келіссөздерінде көмірсутектерді тасымалдаудың жаһандық бағыттарының тұрақтылығына баса назар аудара отырып, энергетикалық ынтымақтастықтың мәселелері негізгі орынға шықты.
Министрлер Еуропа нарықтарын қазақстандық мұнаймен қамтамасыз ететін негізгі артерия – Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) айналасындағы ахуалды талқылады.
Тараптар КҚК тұрақты жұмыс істеуі теңізде еркін әрі қауіпсіз жүзу қағидаттарының сақталуына тікелей байланысты екеніне ортақ пікір білдіріп, маршруттың тұрақсыздандыруына бағытталған кез келген әрекетке жол берілмейтінін атап өтті.
Сонымен қатар дипломаттар екіжақты күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымын қарастырып, өзара мүдделі бағыттардағы байланыстарды кеңейтуге ортақ ниеттерін білдірді.
Сұхбат соңында тараптар тұрақты саяси диалогты сақтауға және жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.