Анкара, 2026 жылғы 5 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Анкараға жұмыс сапары барысында Түркия Республикасының Сыртқы істер министр орынбасарлары Айше Беррис Екинжимен және Муса Кулаклыкаямен келіссөздер өткізді.
Кездесулерде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардың ауқымын қамтитын кеңейтілген стратегиялық серіктестікке негізделген қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың даму барысын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, аса жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша нақты қадамдар белгіленді.
Халықаралық платформалардағы, оның ішінде Ислам ынтымақтастық ұйымы мен Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту жолдары қолға алынды.
Кездесулердің қорытындылары бойынша талқыланған бағыттарда тиімді өзара іс-қимылды жүйелі негізде жалғастыруға бейімділік қуатталды.