Шетелдік журналистерді құрылтай сайлауына жариялау үшін аккредиттеу туралы

Шетелдік журналистерді құрылтай сайлауына жариялау үшін аккредиттеу туралы

Құрметті шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын жариялауға ниетті шетелдік бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері үшін аккредиттеу басталғанын хабарлайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік журналистер Қазақстан Республикасының аумағында кәсіби қызметін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген тұрақты немесе уақытша аккредиттеу болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

Шетелдік БАҚ өкілдеріне жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда бір аудармашымен бірге жүруге рұқсат етіледі.

Шетел бұқаралық ақпарат құралдарында өкілдеріне аккредиттеу  өтінімдерін ү.ж. тамыздың 16-на дейін, хаттың тақырыбында «Kurultai Elections 2026» деп көрсетіп,   келесі электронды поштасы арқылы жіберуді сұраймыз: accreditation@mfa.kz

Аккредиттеу үшін қажетті құжаттар:

  • журналисті аккредиттеуді сұрайтын бас редактордың хаты;
  • журналистің қолданыстағы шетелдік паспортының көшірмесі;
  • толтырылған аккредиттеу нысаны;
  • журналистің электрондық фотосуреті (3×4 см);
  • БАҚ туралы анықтамалық ақпарат.

Сұрақтар туындаған жағдайда ҚР СІМ баспасөз қызметіне  +7 7172 72 01 33 телефоны арқылы хабарласуды сұраймыз.