Қазақстанның Сыртқы істер министрі Германия Елшісімен кездесті

Қазақстанның Сыртқы істер министрі  Германия Елшісімен кездесті

Астана, 2026 жылғы 21 шілде – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев дипломатиялық миссиясы аяқталатын Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Моника Иверсенмен кездесті.

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы қазақ-неміс стратегиялық әріптестіктігі деңгейін жоғары бағалап, Астананың екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі жан-жақты дамытуға деген ұмтылысын атап өтті.

Министр ынтымақтастықты тереңдетуге деген өзара ниет расталған ақпандағы Берлинге сапарының және «Орталық Азия – Германия» форматындағы министрлер кездесуінің маңыздылығын атап өтті.

Германия Елшісі дипломатиялық миссиясы кезінде көрсетілген қолдау үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Германияның Қазақстанмен өзара құрмет пен сенімге негізделген сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екеніне сендірді.

Кездесу соңында Е.Көшербаев екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін Елшіге екінші дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.