Сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары БҰҰ Қазақстандағы жаңа Тұрақты үйлестірушісін қабылдады

Сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары БҰҰ Қазақстандағы жаңа Тұрақты үйлестірушісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 20 қараша – Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сториді қабылдады.

Кездесу барысында сұхбаттасушылар Қазақстанның БҰҰ құрылымдарымен өзара іс-қимылының барлық бағыттары бойынша пікір алмасты және тараптардың өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мен кеңейтуге мүдделілігін атап өтті.

Сұхбат кезінде ерекше назар 17 ғаламдық Орнықты даму  мақсаттарын жүзеге асыру және COVID-19 пандемиясымен және оның жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарларымен бірлесіп күресу мәселелеріне аударылды. Тараптар арасындағы өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ-ның 2021-2025 жылдарға арналған орнықты даму жөніндегі ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасына сүйенетін болады.

Кездесу аяғында М. Фриберг-Стори ханым Қазақстан тарапына жылы қабылдау үшін өз алғысын айтып, еліміз бен БҰҰ арасындағы берік және сенімді қатынастардың одан әрі дамуына сенімін білдірді.