
Астана, 2026 жылғы 7 шілде - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Е.Ашықбаев Қазақстан Республикасындағы Венесуэла Боливар Республикасының Елшілігіне барып, 2026 жылғы 24 маусымда Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісі салдарынан жергілікті тұрғындардың қаза табуына байланысты ашылған көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Е.Ашықбаев қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына шынайы көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілек білдіріп, қолдау сөздерін жеткізді.
Қазақстан Венесуэла халқының қайғысына ортақтасып, осы ауыр кезеңде өз ынтымақтастығы мен қолдауын білдіреді.