Астанада Қазақстан Республикасы Дипломатиялық қызметі күніне арналған салтанатты жиын өтті

Астанада Қазақстан Республикасы Дипломатиялық қызметі күніне арналған салтанатты жиын өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Дипломатиялық қызметі күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Министрлік ұжымын кәсіби мерекесімен құттықтап, бұл күн мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асыруда еңбек етіп жүрген азаматтар үшін ерекше маңызы бар екенін атап өтті.

«Қазақстан әрдайым теңгерімді, сындарлы және бейбітсүйгіш сыртқы саясат ұстанымын берік ұстанып келеді. Біз барлық серіктестермен өзара құрметке, сенімге және халықаралық құқық нормаларына негізделген қарым-қатынастарды дамытуға ерекше мән береміз. Дәл осындай бағыт еліміздің халықаралық беделін нығайтып, оның дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді Министр.

Іс-шара барысында министрліктің бірқатар қызметкерлері мен ардагер дипломаттар марапатталды.