
Астана, 2026 жылғы 2 шілде – Қазақстан мен Норвегия арасында сімаралық саяси консультациялардың бесінші отырысы өтті.
Қазақстан Республикасы Сырты істер министрінің орынбасары Арман Исетов Норвегия делегациясын қабылдап, саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-норвег ынтымақтастығын ілгерілетудің маңызын атап өтіп, Астана мен Осло арасындағы өзара тиімді диалогты нығайтуға бейілділігін растады.
Консультациялар барысында тараптар екіжақты және көпжақты ықпалдастықты нығайтудың жолдарын саралап, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, парламентаралық диалогты нығайту және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-әрекетке ерекше назар аударылды.
Норвегияның Сыртқы істер министрінің Мемлекеттік хатшысы Эйвинд Петерссон екіжақты байланыстардың даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан Норвегияның Орталық Азиядағы маңызды әріптесі екеніне сендірді. Оның пікірінше, Норвегия және Қазақстан көпжақты ынтымақтастық күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер бойынша ұқсас көзқарасты ұстанады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сыртқы саяси мекемелер арасындағы тығыз диалогты жалғастыруға келісті.
2023 жылы екіжақты тауар айналымы 169,2 млн. АҚШ долларына жетті (экспорт – 7,8 млн., импорт – 161,4 млн.).
2005 бастап Норвегиядан тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 1,6 млрд. долларын құрады.