Қазақстан мен Түрікменстан стратегиялық серіктестікті нығайтуды жалғастыруда

Қазақстан мен Түрікменстан стратегиялық серіктестікті нығайтуды жалғастыруда

Ашхабад, 2026 жылғы 1 шілде – Түрікменстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Президент Сердар Бердімұхамедов қабылдады.

Кездесу барысында ҚР СІМ басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Е.Көшербаев Астанада тату көршілік, өзара құрмет және стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқан қазақ-түрікмен ынтымақтастығына ерекше мән берілетінін атап өтті.

Өз кезегінде С.Бердімұхамедов екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың оң серпінмен дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетудің маңыздылығына тоқталды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін де талқылады. Көпжақты форматтар аясындағы екі елдің өзара іс-қимылының жоғары деңгейі аталып өтіп, сондай-ақ Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мақсатындағы өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамыту маңызды екені айтылды.

Кездесудің маңызды қорытындыларының бірі – XXI ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатындағы Достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылуы болды. Бұл тарихи қадам өңірлік ынтымақтастық пен орнықты дамудың жаңа кезеңіне жол ашты.