СІМ-де АҚИҰ-мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

СІМ-де АҚИҰ-мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 19 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) бас директоры Ерлан Байдаулетпен кездесті.

Кездесу барысында АҚИҰ басшысы ү.ж. 28 қазанда Ұйымның Атқарушы кеңесінің өткен отырысының қорытындылары туралы хабардар етті, сондай-ақ ү.ж. 2-3 желтоқсанда Анкарада өтетін АҚИҰ Бас ассамблеясының жыл сайынғы 3-сессиясының күн тәртібімен таныстырды.

Тараптар АҚИҰ-ның бірқатар флагмандық бағдарламалары мен жобаларының мазмұнына назар аударып, ү.ж. 27-28 қарашада Ниамей қаласында (Нигер Республикасы) өткізілуі жоспарланған Ислам ынтымақтастық ұйымға қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 47-ші сессиясы күн тәртібі туралы пікір алмасты.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы 2012 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.