Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Әзербайжан Республикасының Елшісін қабылдады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі  Әзербайжан Республикасының Елшісін қабылдады

Астана, 2026 жылғы 26 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Агалар Атамоглановты орай қабылдады.

Сыртқы саяси ведомствоның басшысы әзербайжандық дипломатқа екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған нәтижелі қызметі үшін алғысын білдірді. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өткен Ермек Көшербаев өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқталды.

«Сіздің дипломатиялық қызметіңіз кезеңінде Әзербайжан Республикасын лайықты түрде танытып, елдеріміз арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қостыңыз. Сіз қазақ-әзербайжан қатынастарының сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілуінің тікелей қатысушысы болдыңыз», – деді Министр.

Өз кезегінде Елші А.Атамогланов дипломатиялық миссиясы барысында көрсетілген жан-жақты қолдау үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді.

Кездесу соңында Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Елші А.Атамоглановқа Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы тату көршілік қатынастар мен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға, қосқан үлесі үшін II-ші дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.