Брюссельде Қазақстан мен Бельгияның сыртқы істер министрлерінің келіссөздері өтті

Брюссельде Қазақстан мен Бельгияның сыртқы істер министрлерінің келіссөздері өтті

Брюссель, 2026 жылғы 23 маусым – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге ресми сапары аясында ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Бельгияның Сыртқы істер министрі Максим Превомен келіссөздер өткізді.

Тараптар Қазақстан-Бельгия қатынастарының қазіргі деңгейін жоғары бағалап, саяси диалогты жан-жақты дамыту, сауда-экономикалық және гуманитарлық қатынастарды жан-жақты нығайту мәселелерін талқылады.

«Бельгия Қазақстанның мемлекетаралық деңгейде де, Еуропалық одақпен өзара іс-қимыл аясында да маңызды серіктесі болып табылады. Брюссель еліміздің экономикасына инвестиция салатын он ірі инвестордың қатарына кіреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі жарты миллиард АҚШ долларынан асты. Бұл ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін елеулі әлеуеттің бар екенін көрсетеді», - деп атап өтті Е.Көшербаев.

Тараптар көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және Транскаспий халықаралық көлік бағытының транзиттік әлеуетін нығайту мәселелеріне бөлек назар аударды.

Министр Е.Көшербаев Қазақстанның бірлескен жобаларды іске асыру және іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын екендігін атап өтті.

Келіссөздер барысында білім беру және ғылым салаларындағы ынтымақтастықтың, екі елдің жетекші университтері мен зерттеу орталықтары арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары әлеуеті де атап өтілді. Бельгия тарапынан KU Leuven, Ghent University және IMEC (Interuniversity Microelectronics Centre) университетаралық орталығы әріптестікті дамытуға қызығушылық танытуда.

Сонымен қатар, тараптар көпжақты алаңдардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылап, өңірлік және жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Бельгия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және басым салалардағы бірлескен бастамаларды іске асыруға деген өзара мүдделілік расталды.