Ташкентте «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумының алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

Ташкентте «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумының алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы жоғары лауазымды тұлғаларының екінші отырысына қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар алдағы Саммитке дайындық барысын талқылап, өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ә.Бақаев Саммитке дайындық жөніндегі бірлескен жұмыстың ерекше маңыздылығын атап өтіп, аталған іс-шара өңірдегі орнықты даму, тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды ілгерілетудің тиімді алаңына айналуға тиіс екенін айтты.

Сонымен Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Чонг Ый Хиемен жеке келіссөздер өткілді.

Тараптар екіжақты қатынастардың оң серпінмен дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-корей әріптестігін одан әрі кеңейтуге мүдделі екендерін білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық серіктестікті нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара дайын екендерін мәлімдеді.