Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады

Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады

Астана, 2026 ж. 12 маусым – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Таиланд Корольдігінің Елшісі Пияпин Нийомрерксті қабылдады. 

Кездесу барысында тараптар қазақ-тай ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ сауда, инвестиция, тасымалдау және логистика, цифрландыру, маңызды минералдар мен энергетика, электроника және озық өндіріс, сондай-ақ туризм салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Алдағы екіжақты іс-шаралардың кестесіне, оның ішінде Таиланд Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі С.Пуангкеткеоның ү.ж. 24-26 маусымда Қазақстан Республикасына ресми сапарына ерекше назар аударылды. 

Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды.