Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады

Астана, 2026 жылғы 12 маусым – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сильван Гиогені қабылдады.

Кездесу барысында тараптар қазақ-француз стратегиялық әріптестігінің өзекті бағыттарын талқылады. Саяси диалогты одан әрі ілгерілету, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимылдың перспективалары қарастырылды.

Екіжақты сауда көлемін ұлғайтуға және іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал ететін бірлескен инвестициялық және экономикалық жобаларды жүзеге асыру мәселелері кездесу күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі болды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Париж арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара бейілділігін растады.