Астана, 2026 жылғы 11 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар Әл-Хорайефпен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өнеркәсіп саласындағы, оның ішінде тау-кен металлургия кешені, аса маңызды минералдар және инфрақұрылым бойынша, өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларына ерекше назар аударды.
Е.Көшербаев Қазақстанның Сауд Арабиясымен стратегиялық серіктестікті дамытуға басымдық беретінін атап өтіп, ағымдағы жылы қол қойылған Қазақстан-Сауд Арабиясы Үйлестіру кеңесін құру және инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімдердің маңызын атап өтті.
Тараптар тау-кен өнеркәсібі мен аса маңызды минералдар саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ саудиялық компаниялардың Қазақстандағы инвестициялық бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
Сондай-ақ кездесу барысында су қауіпсіздігі мәселелері де қозғалып, халықаралық су ынтымақтастығын дамыту перспективалары қарастырылды.
Өз кезегінде Б.Әл-Хорайеф екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделілігін білдірді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.