Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Канада Елшісін қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары  Канада Елшісін қабылдады

Астана, 2026 жылғы 11 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристофер Дагганды қабылдады.

Тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы саяси, сауда-экономикалық және шарт-құқықтық салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Жоғары денгейдегі байланыстарға және көпжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара әрекеттестікті кеңейту бойынша күш-жігерді жалғастыруға келісті.